СҒЗЖ мақсаты мен міндеттері
Университет студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмысы практикалық қызметте ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін шығармашылықпен қолдана алатын, демек, экономиканың қазіргі заманғы даму жағдайларына тез бейімделуге қабілетті жоғары білімі бар мамандарды даярлау сапасын арттырудың маңызды құралдарының бірі болып табылады.
СҒЗЖ-ның негізгі мақсаты
студенттердің шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру және күшейту, жоғары білімі бар мамандарды даярлаудың кәсіптік-техникалық деңгейін арттыру үшін оқу, ғылыми, тәрбиелік процестердің бірлігін қамтамасыз ететін жастарды ғылыми, конструкторлық, технологиялық, шығармашылық және енгізу қызметіне тарту нысандарын дамыту және жетілдіру болып табылады.
СҒЗЖ негізгі міндеттері:
СҒЗЖ ұйымдастыру
Жәңгір хан БҚАТУ-дегі СҒЗЖ оқу процесінің жалғасы және тереңдеуі болып табылады және тікелей жоғары мектептер мен зертханаларда, сондай-ақ студенттік конструкторлық, технологиялық, экономикалық және басқа да үйірмелер мен бюроларда ұйымдастырылады. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына басшылықты ЖОО профессорлары мен оқытушылары жүзеге асырады.
СҒЗЖ негізгі нәтижелері
Студенттік ғылыми қызмет институттардың жоғары мектептерінде СҒЗЖ бекітілген жоспарларына сәйкес жүзеге асырылды. Қазіргі уақытта университетте студенттерді ғылыми-зерттеу қызметіне қатысуға тартудың үйлесімді жүйесі жасалды. Университеттің және институттардың СҒЗЖ үшін жауапты оқытушылар тағайындалды. Бұл, тиісінше, Ғылым басқармасы бөлмінен СҒЗЖ жетекшісі З. Амангелдіқызы Ph.D докторы.
Институттар мен жоғары мектептер бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына жауапты оқытушылар тізімі
№ | СҒЗЖ жетекшісі Аты-жөні | Лауазымы | Жоғары мектеп | Телефон номері, электронды адресі |
1 | Канатбаев Адил Аманкелдиевич | Аға оқытушы, магистр | Политехникалық иститутының СҒЗЖ жетекшісі | 8–747–362–43–45 Adilkanatbaev@mail.ru |
2 | Азгалиев Жаксыгали Себепкалиевич | Аға оқытушы | Техника және инженерлік қорғау ЖМ үйірме жетекшісі | 8-777-267-06-31 8-702-455-43-31 azgaliyev@mail.ru |
3 | Галиев Манарбек Самигуллиевич | Аға оқытушы, магистр | Жалпы техникалық басқару ЖМ үйірме жетекшісі | 8-775-412-38-72 manarbek-1980@mail.ru |
4 | Ербаев Ербол Тулегенович | Т.ғ.к.(РФ), аға оқытушы, PhD докторы | «Машина жасау» институтының СҒЗЖ жетекшісі | 8-777-797-28-54 Erbol.Erbaev@mail.ru |
5 | Рыскалиев Муратбай Жанайдарович | аға оқытушы, PhD докторы | «Құрылыс және құрылыс материалдары» ЖМ үйірме жетекшісі | 87713313311 muratbai_84@mail.ru |
6 | Шакиров Тимур Аскарович | Аға оқытушы, магистр | «Мұнай, газ және химиялық инженерия» ЖМ үйірме жетекшісі | 8701-849-53-97 |
7 | Нуржанова Фарида Хамидуллиевна | Аға оқытушы, магистр | «Ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы» институтының СҒЗЖ жетекшісі | 87057906183 chinnur71@mail.ru |
8 | Идрисова Гульдана Зейнуллаевна | Аға оқытушы, магистр | «Экология және биоресурстар» ЖМ үйірме жетекшісі | 87775683337. Kairgalieva_guldana@mail.ru |
9 | Габдуллин Досмукан Ермуханович | Аға оқытушы, магистр | «Ветеринария және биоқауіпсіздік» ЖМ үйірме жетекшісі | 87058764328 Dosya_gabdullin@mail.ru |
10 | Дуимбаев Дулат Аканович | Оқытушы, магистр | «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» ЖМ үйірме жетекшісі | 87771430290 Dulat_18@mail.ru |
11 | Турбаев Акылбек Жаксынгалиевич | Аға оқытушы, магистр | «Агротехнологиялық» институтының СҒЗЖ жетекшісі | 87082730154 a.zh.turbayev@mail.ru |
12 | Калиева Лайла Темирбековна | аға оқытушы, PhD доктор | «Өсімдік өнімдерін өндіру технологиясы» ЖМ үйірме жетекшісі | 87009593451 kalieva231273@mail.ru |
13 | Ожанов Г. | а.ш.ғ.к. | «Орман, су және жер ресуртары» ЖМ үйірме жетекшісі | 87776491373 Gali7319@mail.ru |
14 | Оразов Аян Жарылқасынұлы | Оқытушы, т.ғ.к. (РФ) | «Тағам және қайта өңдеу өндірістерінің технологиялары» ЖМ үйірме жетекшісі | +7-776-947-58-58 Orazov_ayan@mail.ru |
15 | Кенжин Жаксат Болатович | доцент м.а., PhD докторы | Экономика, ақпараттық технологиялар және кәсібі білім беру институтының СҒЗЖ жетекшісі | +7 747 107 53 90 jaksat_22@mail.ru |
16 | Кубегенова Айгуль Даулетовна | аға оқытушы, магистр | «Ақпараттық технологиялар» жоғары мектебі» ЖМ үйірме жетекшісі | +7 777 469 79 79 aigul-03@mail.ru |
17 | Копбулсынова Бибигуль Карасыновна | аға оқытушы, магистр | «Экономика және аудит» ЖМ үйірме жетекшісі | +7 705 569 69 76 bkopbulsynova@mail.ru |
18 | Бахтиярова Саягул Жаксыбаевна | аға оқытушы, магистр | «Кәсіби және көркем-технологиялық білім беру» ЖМ үйірме жетекшісі | +7 771 484 86 85 sayagul.bakhtiyarova@mail.ru |
19 | Саркулова Галия Ставаловна | аға оқытушы, магистр | Рухани жаңғыру» орталығының СҒЗЖ жетекшісі | +77777611250 galiyasarkulova@mail.ru |
20 | Кублашева Жанна Сатыбалдиевна | Аға оқытушы, п.ғ.к. (РФ) | Тілді дамыту орталығының СҒЗЖ жетекшісі | +77789973051 jkublasheva@mail.ru |
Студенттердің ғылыми жұмысымен алғашқы танысу ғылыми зерттеулерді жүргізудің негіздерін игеруден, мақалалар жазудан, СҒЗЖ жауапты оқытушылардың жоғары мектептерде өткізген онлайн-семинарларында ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеуге үйретуден басталды.
Университетте Facebook әлеуметтік желісінде виртуалды студенттік ғылыми қауымдастық құрылды. Бұл ғылыми қауымдастық ерікті негізде ҒЗЖ-на белсенді студенттерді, магистранттарды, докторанттарды, жас ғалымдарды, сондай-ақ біздің университеттің түлектерін біріктіреді. Қазіргі уақытта қауымдастық мүшелерінің саны 321 адамға жетті. СҒҚ-тың негізгі мақсаты неғұрлым дарынды студенттерді әртүрлі ғылыми ұжымдарда (үйірмелерде, клубтарда) мақсатты ғылыми жұмысқа тарту ғана емес, сондай-ақ студенттерді ғылыми-техникалық міндеттерді дербес шешу әдістемелері мен құралдарына; бизнес жоспарлау және маркетингтік зерттеулер жүргізу негіздеріне оқыту болып табылады.
Қазіргі уақытта университетте 19 ғылыми үйірме (зертханалар мен конструкторлық бюролар) жұмыс істейді, олардың жұмысына барлығы – 484 студент қатысады. Ғылыми үйірмелерде студенттер өздерін қызықтыратын нақты тақырыптар бойынша ғылыми ізденіс пен жұмыстың практикалық дағдыларын игереді. Осы зерттеулердің нәтижелері студенттік ғылыми конференцияларда баяндамалар, рефераттар, сондай-ақ курстық және дипломдық жұмыстар түрінде ұсынылды.
Біздің университеттің студенттері жыл сайын Қазақстанда және шетелде (Ресей, АҚШ, Молдавия, Чех Республикасы, Сербия және т.б.) өткізілетін олимпиадаларға, фестивальдар мен форумдарға қатысады.
Осылайша, жобалар мен ғылыми жұмыстардың әртүрлі конкурстарына 90-нан астам жұмыс жіберілді, оның ішінде 1 дәрежелі 22 диплом, 2 дәрежелі 15 диплом және 3 дәрежелі 14 диплом алынды.
Студенттердің ВМжМШИ М.Марат пен А. Дияровтың, сондай-ақ А. Төлегеновтың (АН-31) қатысуын және олардың тиісінше 5 млн және 900 мың теңге гранттық қаржыландыруды алуын атап өту қажет. Сондай – ақ студенттер Р. Бегеев пен Д. Уәлиеваның «ENACTUS-2020» халықаралық инновациялық бизнес жобалар байқауының финалына қатысуы. Студент Г. Адыров (ВМ-43) Конрад Аденауэр атындағы қордың шәкіртақысының иегері атанды. Әр түрлі конференциялар мен олимпиадаларға А.Әлиханқызы (БЭК-41), С. Насырова (БҚР-21), К. Бинкузинов (Экология), А. Қосайқызы (Вет. Санитария).
2020 ж. нәтижесінде Қазақстанның үздік студенттері атанған және «Қазақстанның үздік студенттері-2020» республикалық кітап топтамасына кірген Уалиева Диляра (ЭЭ – 33) және Бегеев Рүстем (СТР – 23) сияқты студенттердің ҒЗЖ-дағы ерекше белсенділігін атап өту қажет.
Университеттің СҒЗЖ жетілдіру мақсатында «Үздік үйірме» және «Үздік жас ғалым» байқауларын өткізу, сондай-ақ 2021 жылдың наурыз айында Ғылым апталығын ұйымдастыру жоспарлануда.
«Ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы» институтының студенттері жыл сайын Қазақстанда және шетелде өткізілетін олимпиадаларға, фестивальдар мен форумдарға қатысады.
Осылайша, жобалар мен ғылыми жұмыстардың әртүрлі конкурстарына 2020-2021 оқу жылы 10-нан астам жұмыс жіберілді, оның ішінде:
1 дәрежелі диплом алынды:
«20.11.2020 – Ауылшаруашылық ғылымдар аумағында студенттермен білім беру мекемелер оқушыларына арналған зерттеу жұмыстары» Халықаралық конкурсында «Товароведческая характеристика и экспертиза качества мясных полуфабрикатов различных производителей, реализуемых в г.Уральске» тақырып бойынша «Оқу пәні бойынша зерттеу нәтижелері» номинациясында 1 орын, лауреат дипломын алды. Жетекшісі: ветеринария ғалымдарының магистрі, «Ветеринария және биоқауіпсіздік» ЖМ аға оқытушысы Кадралиева Б.Т. | Вет.санитария мамандығының 5 курс студенті Қосайқызы Ақтоты |
«20.11.2020 – Ауылшаруашылық ғылымдар аумағында студенттермен білім беру мекемелер оқушыларына арналған зерттеу жұмыстарының Халықаралық конкурсында «Товароведческая характеристика и экспертиза качества мясных полуфабрикатов различных производителей, реализуемых в г.Уральске» тақырып бойынша «Тәжірибе бойынша презентация» номинациясында 1 орын, лауреат дипломын алды. Жетекшісі: ветеринария ғалымдарының магистрі, «Ветеринария және биоқауіпсіздік» ЖМ аға оқытушысы Кадралиева Б.Т. | Вет.санитария мамандығының 5 курс студенті Қосайқызы Ақтоты |
«10.02.2021, РФ, Нижний Новгород қаласындағы студенттер, оқытушылар және мамандардың Кәсіби презентациялар» Халықаралық конкурсына қатысып, 1 орын. Ғылыми жетекшісі: «Ветеринария және биоқауіпсіздік» ЖМ аға оқытушысы Кадралиева Б.Т | Лобовикова Т. ВС-52 топ студенті |
2 дәрежелі диплом алынды:
05.03.2020. студенттер, оқушылар, балалар арасындағы «Жаңа белестер» V Халықаралық дистанционды конкурсы , РФ, Москва қ. II дәрежелі диплом Ғылыми жетекшісі: Ветеринария және биоқауіпсіздік» ЖМ доцент м.а., к.в.н. Баянтасова С.М. | Избасар Камшат ВС-41 |
2021 ж. 10 наурызында РФ, Нижний Новгород қаласындағы «Кәсіби презентациялар» Халықаралық конкурсы, 2 орын. Ғылыми жетекшісі: «Ветеринария және биоқауіпсіздік» ЖМ аға оқытушысы Кадралиева Б.Т. | Лобовикова Т. Вет. Санитария ВС-52 |
«20.04.2021 – Ауылшаруашылық ғылымдар аумағында студенттермен білім беру мекемелер оқушыларына арналған зерттеу жұмыстары» Халықаралық конкурсы, 2 орын Ғылыми жетекшісі: «Ветеринария және биоқауіпсіздік» ЖМ аға оқытушысы Кадралиева Б.Т. | Досмагамбетова А.ВС-51 топ студенті |
20.12.2021- Ауылшаруашылық ғылымдар аумағында студенттермен білім беру мекемелер оқушыларына арналған зерттеу жұмыстары» Халықаралық конкурсы, оқу пәні бойынша зерттеу нәтижелері номинациясы, оқу пәні бойынша зертханалық жұмыстар нәтижелері номинациясы, II орын Ғылыми жетекшісі: «Ветеринария және биоқауіпсіздік» ЖМ аға оқытушысы Кадралиева Б.Т | Базарбаева С. Вет.санитария, ВС-41 |
20.12.2021- Ауылшаруашылық ғылымдар аумағында студенттермен білім беру мекемелер оқушыларына арналған зерттеу жұмыстары» Халықаралық конкурсы, оқу пәні бойынша зертханалық жұмыстар нәтижелері номинациясы, оқу пәні бойынша зертханалық жұмыстар номинациясы, II орын Ғылыми жетекшісі: «Ветеринария және биоқауіпсіздік» ЖМ аға оқытушысы Кадралиева Б.Т | Агишева Э. Вет.санитария, ВС-41 |
20.12.2021- Ауылшаруашылық ғылымдар аумағында студенттермен білім беру мекемелер оқушыларына арналған зерттеу жұмыстары» Халықаралық конкурсы, оқу пәні бойынша зерттеу нәтижелері номинациясы, оқу пәні бойынша зертханалық жұмыстар нәтижелері номинациясы, II орын Ғылыми жетекшісі: «Ветеринария және биоқауіпсіздік» ЖМ аға оқытушысы Кадралиева Б.Т | Әтімбетова А., Вет.санитария, ВС-41 |
3 дәрежелі диплом алынды
«20.11.2020 – Ауылшаруашылық ғылымдар аумағында студенттермен білім беру мекемелер оқушыларына арналған зерттеу жұмыстарының Халықаралық конкурсында» «Лабораторная диагностика пастереллеза животных» тақырып бойынша «Инновациялық ғылыми жобаның презентациясы» номинациясында ІІІ дәрежелі дипломына ие болды. Жетекшісі: ветеринария ғалымдарының магистрі, «Ветеринария және биоқауіпсіздік» ЖМ аға оқытушысы Ищанова А.С. | Қырықбаева А.«Вет. Санитария» |
«20.03.2021 -Ауылшаруашылық ғылымдар аумағында студенттермен білім беру мекемелер оқушыларына арналған зерттеу жұмыстары» Халықаралық конкурсы, 3 орын. Ғылыми жетекшісі: «Ветеринария және биоқауіпсіздік» ЖМ оқытушысы Нуржанова Ф.Х. | Талгат А. Вет. медицина ВМ-35 |
20.12.2021- Ауылшаруашылық ғылымдар аумағында студенттермен білім беру мекемелер оқушыларына арналған зерттеу жұмыстары» Халықаралық конкурсы, оқу пәні бойынша зерттеу нәтижелері номинациясы, III орын Ғылыми жетекшісі: «Ветеринария және биоқауіпсіздік» ЖМ аға оқытушысы Кадралиева Б.Т | Базарбаева С. Вет.санитария, ВС-41 |
20.12.2021- Ауылшаруашылық ғылымдар аумағында студенттермен білім беру мекемелер оқушыларына арналған зерттеу жұмыстары» Халықаралық конкурсы, оқу пәні бойынша зерттеу нәтижелері номинациясы, III орын Ғылыми жетекшісі: «Ветеринария және биоқауіпсіздік» ЖМ аға оқытушысы Кадралиева Б.Т | Агишева Э. Вет.санитария, ВС-41 |
20.12.2021- Ауылшаруашылық ғылымдар аумағында студенттермен білім беру мекемелер оқушыларына арналған зерттеу жұмыстары» Халықаралық конкурсы, оқу пәні бойынша зерттеу нәтижелері номинациясы, III орын Ғылыми жетекшісі: «Ветеринария және биоқауіпсіздік» ЖМ аға оқытушысы Кадралиева Б.Т | Әтімбетова А., Вет.санитария, ВС-41 |
04.03.2020. студенттер, оқушылар, балалар арасындағы «Жаңа белестер» V Халықаралық дистанционды конкурсы , РФ, Москва қ. III дәрежелі диплом Ғылыми жетекшісі: Ветеринария және биоқауіпсіздік» ЖМ доцент м.а., к.в.н. Баянтасова С.М. | Кыдырбай Раушан ВС-41 |
Студенттер (ВМжМШИ) М.Марат пен А.Дияров 5 млн. теңге гранттық қаржыландыруға ие болды.
«Өндірістік экология» В05200 мамандығының 3-курс студенті А.Р.Болатбекова экология магистрі, аға оқытушысы Г.З. Идрисованың жетекшілігімен «Глубокая переработка пчелопродуктов» тақырыбында 4 746 210 тенге грантқа ие болған.
Вет. санитария мамандығының 3-курс студенттері Э.Агишева, А.Атимбетова ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Мы – будущее Казахстана» ғылыми конференциясында 2-орынға ие болды. Ғылыми жетекшісі: в.ғ.к., ассоцияланған профессор Б.Е.Нургалиев
Вет. санитария мамандығының 2-курс студенті А.Айсабаева ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Мы – будущее Казахстана» ғылыми конференциясында 3-орынға ие болған. Ғылыми жетекшісі: «Ветеринария және биоқауіпсіздік» ЖМ аға оқытушысы, магистр А.С.Ищанова
Студенттердің ғылыми жұмыстарының нәтижелері жыл сайынғы Қазақстан Республикасы бойынша ұйымдастырылатын студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауына жіберілді. Барлығы – 7 ғылыми жұмыс.
5В080400 «Балық шаруашылығы және өндірістік балық аулау» мамандығының РХ-41 студенті Тасбулатова Гүлдана Ихласқызы «Ихтиофауна и биологические показатели рыб водохранилища на р.Барбастау» ғылыми жұмысымен осы конкурста 3-дәрежелі дипломға ие болды. Ғылыми жетекшісі: «Экология және биоресурстар» ЖМ доцент м.а., а/ш.ғ.к. М.Ж.Шукуров
ХIII республикалық пәндік олимпиадаға 3 жоғары мектептің 12 білім алушысы қатысып, жүлделі орынға 3 студент ие болды.
Вет. медицина мамандығының студенті Т.Ж.Бектемиров – 3 орын.
Вет. санитария мамандығының студенті С.Валиханова – 2 орын.
Жетекшісі: ветеринария ғалымдарының кандидаты, «Ветеринария және биоқауіпсіздік» ЖМ аға оқытушысы И.М.Абирова.
МӨӨТ мамандығының студенті Ергалиева Бибінұр – 2 орын.
Ғылыми жетекшісі: а/ш.ғ.к, «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» ЖМ аға оқытушысы Г.В.Касимова
2021 жылдың 28 желтоқсаны күні Нұр-Сұлтан қаласының «Достық үйінде» «Genius» халықаралық спорт, білім және ғылым орталығының ұйымдастыруымен «ХХІ ғасырдағы білім және ғылым» атты халықаралық конференция өткізілді. Бұл шараға ТМД елдерінің үздік студенттері мен үздік жас ғалымдары қатысты. Аталмыш шарада университетіміздің атынан 5В080700-Орман ресурстары және орман шаруашылығы мамандығы бойынша ЛР-43 тобының студенттері қатысып, Газиз Айдар Азаматұлы мен Әндіжан Елжас Талғатұлы II дәрежелі дипломмен, ал Темірғалиев Темірлан Арманұлы III дәрежелі дипломмен марапатталды. Марапаттау рәсімінде сонымен қатар үш студентіміздің автобиографиялары енгізілген «Жас қыран» атты ТМД бойынша үздік студенттер кітабы мен «ТМД елдерінің Үздік студенті» төсбелгісі табысталды.
2021 жылдың қазан айында ЛР-43 тобының студенттері Газиз Айдар, Темірғалиев Темірлан, Әндіжан Елжас Ресейдің Магнитогорск қаласында өткен «Проблемы и перспективы реализации междисциплинарных исследований» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысып, жүлделі 1-орын иеленіп, сол конференцияның жинағында «The growth of oak in protective forest plantations of west kazakhstan region» мақаласы жарияланды.
Дәл осы жылы Газиз Айдар мен Темірғалиев Темірлан АҚШ-тың Сиеттл қаласында өткен «International Conference on Recent Advances in Engineering, Technology and Applied Sciences» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысып, жүлделі II орын иеленіп, конференция жинағында «Ecological state of natural oak stands of the floodplain of the Ural river» мақаласы жарияланды.
2021 жылы 18 қазан мен 10 желтоқсан аралығында Хамза Есенжанов атындағы БҚО балалар мен жасөспірімдер кітапханасының Ресей Федерациясының кітапханаларымен халықаралық ынтымақтастығы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының және Оралдағы Ресей Бас консулдығының қолдауымен өткен «Дальді оқыдыңыз ба?» халықаралық online-фестиваліне ТПП-11 тобының студенті Мұхит Ализа қатысты. Нәтижесінде ІІІ орын иеленіп, дипломмен марапатталды. Жетекшісі – ТМО аға оқытушысы А.Б. Ермекова.