Жұмыс берушілермен кездесті

Жәңгір хан университетінің «Мансап және бизнес-серіктестік орталығы» 15 наурыз күні «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін» ұйымдастырды.

Жәрмеңке бітіруші түлектер арасында экономика, менеджмент, аудит, қаржы және т. б. мамандықтар бойынша өткізілді. Бұл жәрмеңкеге  «Baystone» ЖШС, «Уланов П. С.» шаруа қожалығы, БҚО бойынша «Мемлекеттік кірістер департаменті» және басқа да 15 шақты жұмыс беруші мекеме қатысты. Студенттер жұмыс берушілермен кездесіп, арнайы сауалнамалар толтырып, өздері туралы ақпарат берді. Жалпы бұл жәрмеңке барысында 94 білім алушы қамтылды. Еске сала кетсек, бұл 2022-2023 оқу жылындағы алғашқы жәрмеңке.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу