ЖШС «Белес-Агро» және «Пойма май Комбинаты» базаларындағы студенттер

Жоғары кәсіптік білімнің білім беру мекемелерінде жас мамандарды даярлау сапасы оқушылардың теориялық оқыту курсы барысында алған білімдерінің тереңдігіне, өндірістік оқыту және өндірістік практика процесінде, оның ішінде кәсіпорындарда алған білімдерінің пысықталуы мен бекітілуіне тікелей байланысты.

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ студенттерінің өндірістік практикасы жоғары кәсіптік білім беру бағдарламасы бойынша маман даярлаудың құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады.

ЖШС «Белес-Агро» кәсіпорында студенттер университетте алған теориялық білімдерін бекітіп, астықты қабылдау, сақтау, тазалау және жөнелту, ұн өндіру және сату процестеріне тікелей қатысты. Машина жасаудағы әлемдік көшбасшысының швейцариялық-немістік «Buhler» фирмасының диірмен жабдықтарымен және технологияларымен және «SCAFCO» фирмасының астық сақтаудағы американдық озық технологияларымен танысты.

            Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Пойма ауылында орналасқан ЖШС «Пойма май Комбинаты» – майлы дақылдарды қайта өңдеу кәсіпорындарында студенттерді жоғары деңгейде практикалық оқыту ұйымдастырылды. Студенттер күнбағыс майын өндіру процесін зерттеді – элеваторда сақтаудан бастап құю және орау процесіне дейін, өндірістік жағдайда шикізат пен дайын өнімнің сапасына бағалау жүргізуді үйренді.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу