Жеңімпаздар марапатталды

Университетіміздің 60 жылдығына орай өткізілген «ЭКО-кеңістіктегі ғылыми жастар» атты облыстық ғылыми-практикалық конференция өз мәресіне жетті.

Конференцияны«Мал шаруашылығы және биоресурстар» жоғары мектебі (А.Булекова, Ж.Гумарова, С.Сұңғатқызы) ұйымдастырды.

Конференцияның бірінші күнінде «Экология және тұрақты даму», «Адам экологиясы және қоршаған орта қауіпсіздігі», «Экологиялық тәрбие және білім беру» тақырыптары аясында секциялық отырыстар ұйымдастырылды. Екінші күні «Мета-дағдылар және жастардың белсенді өмірлік ұстанымын дамытудағы жаңа сәйкестіктерді іздеу» инновациялық идеялар байқауының жеңімпаздары марапатталды. Университетіміздің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Ақылбек Ұзақбайұлы Сұлтанов жеңімпаздарды құттықтап, мақтау қағаздарын тапсырды. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Марапаттау рәсімінен кейін сөз алған «Мал шаруашылығы және биоресурстар» жоғары мектебінің жетекшісі, доцент м. а., ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Марклен Жексенұлы Шукуров байқауға қатысқан жастарға алғыс білдірді.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу