Жас ғалымдар бас қосты

Бүгін Жәңгір хан университетінде «Ғылымға жол» атты Х халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Жәңгір хан университетінің 60 жылдығына орайластырылған конференция жұмысында отандық және халықаралық жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары мен докторанттары өзара ақпарат алмасуға мүмкіндік алды. Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға ықпал етіп, батысқазақстандық университетті әлемдік ғылыми алаңда интеграция орталығына айналдырған іс-шараға жалпы 180-нен астам өтінім келіп түскен. Ұйымдастыру комитеті оларды іріктеп, 170-ке жуық баяндаманы бекіткен.  Бұл туралы университеттің «Ғылым басқармасы» мәлімдеді.

Конференцияның жұмысының мақсат-міндетіне тоқталған университеттің ғылым жөніндегі проректоры Әлжан Шәмшідін Президент жанындағы ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің алғашқы отырысында ғылым саласын дамыту бағытында жақсы жаңалықтар айтылғанын атап өтті.

Бұдан әрі жас ғалымдар конференция аясында пленарлық отырыстарға, тақырыптық секцияларға қатысып, өзекті мәселелер қамтылған баяндамалар тыңдады. Жалпы бұл басқосуда бүгінгі ветеринария, мал шаруашылығы және экологияның ғылыми басымдықтары, машина жасау, құрылыс және мұнай-химия инженериясындағы инновациялар, азық-түлік қауіпсіздігі, агрономия және жер ресурстарының өзекті мәселелері, ақпараттық технологияларды, білім беруді, экономика мен қоғамды инновациялық дамыту: басымдықтар мен тәжірибе, агроинженерия, көлік, электротехника және автоматикадағы жаңа технологиялар мәселелері бойынша секциялық жұмыстар жүргізілді. 

Үш тілде жүргізілген ғылыми жиынға Уфа мемлекеттік мұнай және технологиялық университетінің, Самарқанд мемлекеттік ветеринариялық медицина, мал шаруашылығы және биотехнология университетінің, Орынбор мемлекеттік аграрлық университетінің және бірқатар отандық жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары, докторанттары онлайн және оффлайн форматта қатысты.

Конференция қорытындысы бойынша баяндамалар жинағы жарыққа шығатын болады.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу