Франция университетінде өткен кездесулер

Жәңгір хан университетіндегі Erasmus+ бағдарламасының ACeSYRI жобасы бойынша жұмыс тобының мүшелері Франция мемлекетінің Лоррейн университетінде кездесулер өткізді.

Erasmus+ Еуропалық бағдарламасының «Докторанттар мен жас зерттеушілерге арналған информатика саласындағы алдыңғы қатарлы орталық» (ACeSYRI) жобасы бойынша консорциумның мүшесі Лоррейн университетімен серіктестік қарым-қатынас орнату мақсатында Жәңгір атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің жоба бойынша жұмыс тобының мүшелері ЖОО өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.

Атап айтқанда, «Цифрлық даму» орталығының директоры Гаухар Камалова, «Ақпараттық технологиялар» жоғары мектебінің оқытушысы Айнұр Гумарова және жоба әкімшісі, ACeSYRI жобасының сапа жөніндегі офицері Замзагүл Султанова ағымдағы жылдың 11 шілдесінде автоматтандырылған бақылауды зерттеу орталығының директоры, профессор Жан-Франсуа Петинмен және Лоррейн университетіндегі ACeSYRI жобасының координаторы, қауымдастырылған профессор Николай Бринзеймен кездесті. Кездесу барысында университет туралы ақпарат беріліп, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да ACeSYRI жобасының жүзеге асырылу барысы таныстырылды. «Ақпараттық технологиялар» жоғары мектебінің зерттеу қызметінің негізгі бағыттары, ЖОО-да жүзеге асырылып жатқан ғылыми зерттеулер туралы ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар университеттер арасындағы одан арғы әріптестік жолдары, атап айтқанда, академиялық ұтқырлық және бірлескен ғылыми зерттеулер бағытындағы ынтымақтастықты іске асыру мүмкіндіктері талқыланды.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • 8 (7112) 50 13 74
  • 8 (7112) 52 21 00
  • zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу