Жәңгір хан университеті халықаралық рейтингтегі өз орнын сақтап қалды

Quacquarelli Symonds (QS) халықаралық рейтингтік агенттігі Шығыс Еуропа мен Орталық Азияның үздік университеттерінің QS EECA University Ranking 2022 рейтингін жариялады.

Үздік ЖОО рейтингіне өңірдің 450 университеті кірді. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті Шығыс Еуропа және Орталық Азия университеттері арасында өткен жылғы позициясын 351-400-де сақтап қалды.

Рейтинг жасау үшін QS академиялық бедел, жұмыс берушілер арасындағы бедел, оқытушылар мен студенттер санының арақатынасы, бір оқытушыға шаққандағы жарияланымдар саны сияқты көрсеткіштерді пайдаланады. Сонымен қатар рейтингті құрастырушылар ЖОО дәйексөздерінің санын, шетелдік оқытушылар мен шетелдік студенттердің үлесін, ғылыми дәрежесі бар оқытушылардың үлесін, халықаралық ғылыми байланыстарды, Веб-әсерді назарға алады.

EECA University Rankings QS-тің 2022 жылғы толық рейтингін көру үшін басыңыз

https://www.topuniversities.com/university-rankings/eeca-rankings/2022
090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу