Жаңа форматта өткен кеш

Бүгін «Парасат» ақпараттық білім беру орталығында керемет кеш өтті. «Кітапхана түні» атты әдеби-саз кеш ақын Талғат Мықимен және сазгер Әділ Ахметовпен өткен әсерлі кездесумен басталды. Жастармен қызықты сұқбат өрбіткен жас таланттар өлең оқып, ән айтып, әзілдеп, кештің көрігін қыздырды. Ардагер ұстаз, ақын Болатқали Төлебаев та кештің мейманы болып, студент-жастарға өз шығармашылығынан өлеңдер оқып берді.

«Кітапхана түнінің» келесі қонағы – қаламыздағы танымал ісмер, блогер Гүлшат Молдағалиева. Жас шебер қолөнерге икемі бар қыздарға шеберлік сағатын өткізіп, қызығушылықтарын арттырды.

Сонымен қатар іс-шара барысында қызықты ойындар, шеберлік сағаттары ұйымдастырылып, қонақтар түрлі көрмелерді тамашалады.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу