Ұстазды мерейлі жасымен құттықтады

Жәңгір хан университетінің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Ақылбек Сұлтанов «Тілдерді дамыту орталығының» аға оқытушысы, ағылшын тілі пәнінің маманы Шынар Искакованы мерейлі 50 жасқа толуымен құттықтады. Ақылбек Ұзақбайұлы жиырма жылдан астам уақыттан бері білім ордасында еңбек етіп келе жатқан ұстазға басқарма төрағасы-ректор Асқар Мырзахметұлы Наметовтің құттықтау хатын табыстады. Сонымен бірге мерейтой иесіне гүл шоқтарын табыстап, қазақы дәстүрмен камзол кигізіп, игі тілегін жеткізді. Өз кезегінде Шынар Ғилманқызы осындай құрмет көрсеткен университет басшылығы мен әріптестеріне ризашылығын жеткізді.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу