Университетте Erasmus+ ACeSYRI жобасының командасына арналған ағылшын тілі курстары басталды

Ағымдағы жылдың 9 желтоқсанында университетте Erasmus+ “Информатика саласындағы докторанттар мен жас зерттеушілерге арналған алдыңғы қатарлы орталық” (ACeSYRI) (тіркеу нөмірі 610166-EPP-1-2019-1-SK-EPPKA2-CBHE-JP) жобасының командасына арналған ағылшын тілі курстары басталды. Сабақтың бірінші күні курс тыңдаушылары ағылшын тілі грамматикасы бойынша өз білімдерін жаңарта алды және Destination тіл орталығының тәжірибелі оқытушысы Сергей Чампаловпен ағылшын тілінде сөйлеу тәжірибесін қолдана алды. Курстар желтоқсан айының соңына дейін жалғасады және Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-нің Erasmus+ ” Информатика саласындағы докторанттар мен жас зерттеушілерге арналған алдыңғы озық орталық ” жобасын іске асыруға қатысатын 9 адамды қамтиды. Еуропалық Комиссиямен жоба шеңберінде қаржыландыратын бұл курстар жоба командасы мүшелерінің коммуникативтік дағдыларын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді деп үміттенеміз.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу