Ұлттық комиссия өкілі келді

Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Президенті жанындағы әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Елена Тарасенко бүгін Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетіне келді.

Университеттің басқарма төрағасы-ректор Асқар Мырзахметұлы Наметовпен бірге оқу орнын аралаған ұлттық комиссия өкілі атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Яғни, «Жәңгір хан» спорт кешенінде, «Машина жасау» жоғары мектебіне қарасты Робототехникалық жүйелер зертханасында, «Мұнай, газ және химиялық инженерия» жоғары мектебіне қарасты Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университеті өкілдігінде, Жастар бастамасын дамыту орталығында, «Сұңқар» спорт клубында, Студенттерге қызмет көрсету орталығында, қыздар клубында болды. Университет басшысы мейманға қолға алынған нәтижелі жобалар, ғылым мен білім саласы және жастарды шығармашылық бағытта дамыту аясында жасалған жұмыстар, білім алушылардың жетістіктері туралы баяндады.

Ақ Жайыққа арнайы ат басын бұрған ҚР Президенті жанындағы әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Елена Тарасенко басты мақсаты отбасы институтын нығайтуға бағытталған кешенді шаралармен танысу және өңірлік деңгейдегі жұмыстарды күшейтуге негізделіп отырғанын жеткізді.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу