Бос жұмыс орындары
Нашар көретіндер үшін

Тағылымды кеш өтті

Жәңгір хан университетінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясындағы іс-шаралар жалғасын табуда. Осындай кезекті әдеби-сазды кеш Бөкей хандығының 220 жылдығына, Жәңгір мектебінің 180 жылдығына және Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері, жерлесіміз Тілекқабыл Боранғалиұлының 70 жылдығына арналды. Атаулы іс-шараны университеттің «Рухани жаңғыру» орталығы мен Жәңгір хан атындағы тарихи-этнографиялық музейі бірлесе ұйымдастырды.

 Кеш барысында Тілекқабыл Боранғалиұлы туралы жасақталған «Тау тұлғалы қайраткер» көрмесі мен «Елі сүйген қаламгер» атты  слайд-шоу  таныстырылды. Ұйымдастырушылардың мақсаты – ұлы тұлғалардың өмір жолын таныстырып, патриоттық рухта тәрбиелеу.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • 8 (7112) 50 13 74
  • 8 (7112) 52 21 00
  • zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу