Студенттік ғылыми конференция өтті

Ағымдағы жылдың 1 қарашасында Агротехнологиялық институтының «Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» жоғары мектебінің  5В080100 – Агрономия, 5В080800 – Топырақтану және агрохимия, 5В081100 – Өсімдіктерді қорғау және карантин мамандықтары бойынша 4 курс студенттері арасында өндірістік тәжірибе қорытындысы бойынша студенттік ғылыми конференция өтті. 

Конференция барысында студенттер тәжірибе алмасып, өз жетістіктерімен және жаңалықтарымен бөлісті. Сонымен қатар, жаңа байланыстар орнатып,  ғылыми қоғамдастыққа жол ашты. Қатысушылар баяндамалар мен презентациялар жасады. Конференция қорытындысы бойынша үздік баяндамашылар анықталып, 15-16 қарашада Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті өткізетін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған XXI халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға ұсынылды.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу