Студенттерге түсінік жұмыстары жүргізілді

29 қарашада  «Мұнай, газ және химиялық инженерия» жоғары мектебінің ұйымдастыруымен 1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай 5В070800-«Мұнай-газ ісі» мамандығының 3, 4 курс білім алушылары эпидемиолог-дәрігер Цой Виктория Владимировнамен кездесті.

Кездесу барысында маман жұқпалы аурулар, оның ішінде АИТВ инфекциясы туралы және одан қорғану жолдары жөнінде ақпарат берді. Білім алушылар дәрігерге және университеттің медицина қызметкері Жаныл Тастайқызына өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.

Іс-шара соңында студенттер ЖИТС инфекциясы туралы түсініктерін 1 минуттық бейнеролик арқылы баяндады.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу