Студенттердің тәжірибеге бағытталған сабақтары

«Ақпараттық жүйелер мен технологиялар» білім беру бағдарламасының ИС-31, 33 топ студенттеріне «Web қосымшаларды жасау технологиялары» пәнінен университетіміздің «IT ресурстарын жоспарлау және дамыту» бөлімінде тәжірибеге бағытталған сабақ өткізілді. Бөлімнің инженер-бағдарламашысы Ілиясов Темірлан университет сайтының жасалуын, frontend, backend құрылымын, технологияларын атап көрсетті. Сондай-ақ, инженер-бағдарламашы Серіков Асылбек сайтты құру кезінде пайдаланушыға ыңғайлы UI интерфейсі қалай құрылатынын, қандай талаптарға назар аудару керектігін айтты.

Сабақ соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу