Студенттер зертханаға экскурсия жасады

Тәжірибеге бағытталған сабақтарды өткізу және кәсіби дағдыларды қалыптастыру мақсатында 9 желтоқсанда «Мұнай, газ және химиялық инженерия» жоғары мектебінің оқытушылары  Ж.Т. Кенжеғалиева, Ф. Ж Ахметова және 2-курс магистранты Т. Какимова  5В070800 –  “Мұнай-газ ісі” мамандығының 3,4 курс білім алушыларымен бірге “Қазстандарт” РМК зертханасында экскурсия өткізді. Экскурсия барысында білім алушылар шығын өлшегіштердің құрылымы мен жұмыс принципімен, өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесімен әзірленген стандарттармен регламенттелетін қолданылатын өлшеу әдістемелерімен танысты.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу