Студенттер ветеринарлық-санитарлық сараптауды үйренді

 «Ветеринарлық медицина және мал шарушылығы» институтының ВС-51 топ студенттері  тәжірибелік дағдыларын арттыру мақсатында «Ет-сүт өнімдерінің технологиясы, санитариясы және ВСС» пәні бойынша практикаға бағытталған сабақтарын ветеринарлық санитарлық сараптау зертханасында өткізіп отырады.

Осы аптада практикалық сабақ барысында білім алушылар сүт өнімдеріне (сары май, сүзбе өнімдері) ветеринарлық санитарлық сараптау  жасады. Сонымен қатар, «Ветеринарлық  және биологиялық  қауіпсіздік» жоғары мектебінің аға оқытушысы Зухра Айтпаева сары май, сүзбе өнімдерін зертханалық жағдайда органолептикалық зерттеу, сонымен қатар негізгі физико-химиялық көрсеткіштерін анықтауды үйретті.

Білім алушылар сүт өнімдерін базар жағдайында негізгі сараптау қағидаларымен танысып, олардың сапалық көрсеткіштерін анықтау барысында қолданылған аспаптармен жұмыс істеуді меңгерді. Оған қоса, болашақ мамандар тағам өнімдеріне ветеринарлық санитарлық баға беруді үйренді.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу