Студенттер «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-да практикаға бағытталған сабақтарын өткізді.

Ағымдағы жылдың 13 қазанында 5В072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының ХТОВ-41 топ білім алушыларымен «Отындар химмотологиясы және мұнай мен газды талдау»  және «Мұнай отындарын өндірудің жетілдірілген және каталитикалық процестері»  пәндері бойынша  практикаға бағытталған сабақ (ПБС) «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ мұнай өнімдері зертханасында өткізілді.

Практикаға бағытталған сабақта «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ жетекші инженер – технолог Нұрсұлтан Сәрсенғалиев зертханада қауіпсіздік ережелерін айтып, білім алушыларды отын сапасын талдаудың физико -химиялық әдістерімен таныстырды: АРНС құрылғысында фракциялық құрамын анықтау, Дин-Старк әдісімен су мөлшерін анықтау, белсенді күкірт (РФА), тығыздықты, кинематикалық тұтқырлықты, жанғыштық, сүзу коэффициенті, түсі және т.б әдістермен таныстырды. Мұнай өнімдері зертханасы жоғары тиімді заманауи қондырғылармен жабдықталған және мұнай отындарының (бензин, дизель, мазут және т.б.) негізгі көрсеткіштерін анықтау үшін талдаулар жүргізеді.

«Отындар химмотологиясы және мұнай мен газды талдау» және «Мұнай отындарын өндірудің жетілдірілген және каталитикалық процестері» пәндері бойынша практикаға бағытталған сабақтар өткізу білім алушылардың арасында қозғалтқышты ұтымды пайдалану теориясы мен практикасы бойынша білімді қалыптастыруға ықпал етеді: өз бетінше эксперимент жүргізеді, мұнай өнімдерінің класын анықтайды, мұнай өнімдерінің сапасын эксперименталды түрде бағалайды және мұнай өнімдерінің осы үлгісін қолдану бойынша ұсыныстар енгізеді.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу