Студенттер үйінде мерекелік кеш өтті

«Индустриалды-технологиялық» институтының «Мұнай, газ және химиялық инженерия» жоғары мектебінің профессор-оқытушылар құрамы С.С.Сатаева, А.К.Абдыгалиева, Д.С.Назарова және МХТҒ-21 магистранттары А.Б.Бейімбетова, А.Б.Каиргазиеваның ұйымдастыруымен № 4 студенттер үйі тұрғындарына арналған «Тәуелсіздік тұғыры» атты мерекелік кеш өтті.

Кеште тәуелсіздік жолында құрбан болған боздақтарды еске алып, соларға арнап өлең жолдары оқылды. Тарихи көріністер сахналанды. Мерекеге орай ұйымдастырылған шара білім алушыларды бірлікке, ынтымаққа, ұйымшылдыққа, Отанын сүюге шақырды.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу