Студенттер трансформатор зауытында болды

Орал трансформатор зауытында Н.А.Сатыбаева, А.Г.Бегалиева және А.А.Қабдығалиеваның жетекшілігімен «Мехатроника» мамандығының 4 курс және «Өндіруші сала машиналары» (МДО-31) мамандығының білім алушылары үшін тәжірибеге бағытталған сабақ өткізілді.

Білім алушылар үшін еңбек қауіпсіздігі және денсаулық сақтау жөніндегі инженер Рахметов Айдын Оразбекұлы өндірісте қауіпсіздік техникасын жүргізді, ал зауытпен танысуды жабдық жөніндегі инженер Алпамыс Ғиззатоллаұлы Бақаев жүргізді.

         Студенттер заманауи жабдықтармен және жаңа технологиялармен танысты, трансформаторлық болатты кесу және шихталау, катушкаларды орау, жабдықты бояу сияқты жұмыстарды бақылады. Өндірістегі сабақ сәтті өтті. Зауыт басшылығына ынтымақтастық үшін үлкен алғысымызды білдіреміз!

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу