Студенттер дұрыс тамақтануды қолдайды

19 қараша «Тағам және қайта өңдеу өндірістерінің технологиялары» жоғары мектебінде Ауыл шаруашылығы күні қызметкерлері күні мерекесіне орай іс-шара өткен болатын. Жоғары мектептің профессор оқытушылар құрамы ғалымдарының ғылыми еңбектері көрсетіліп, «Дұрыс тамақтану: «Жас буынның SMART өнімдері» атты конференцияда магистр, оқытушы Сабырова Э.Е «НАССР жүйесі және оның ет өнеркәсібіндегі рөлі» тақырыбында баяндама оқыды.

Сонымен қатар, жоғары мектеп жанынан құрылған «FoodTech» студенттер үйірмесінде дайындалған  дұрыс тамақтану өнімдерінің көрмесі өтті. Көрмеде ППП-31,ПБ-31 ,ТПР-31,ППП-32,ПБ-31,ТПР-43 тобының  үйірме мүшелерінің  студенттері зығыр ұны мен асқабақ пюресі қосылып сүт негізінде дайындалған панкейк, құрамында ірімшікпен бірге қаймақ, сұлы үлпектері және шырғанық жемістерінен дайындалған «Денсаулық» инновациялық чизкейкі, глютенсіз дәнді дақылдар ұнынан  жасалған нан өнімдері, кепкен жемістерден дайындалған «Candies for life» кәмпиті, 3 боксты мәзірден тұратын дұрыс тамақтану рационын қонақтардың назарына ұсынып, органолептикалық сипаттамасы бойынша дегустациялық бағалау жүргізілді.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу