Вакансии
Для слабовидящих

Студенттер «Атамекенде»

Бүгін Жәңгір хан университетінің  БЭК-32, БМУ-31,БЭК-31 тобының студенттері оқытушылар  Х.У. Нурсапина мен С.М. Есенгалиева ұйымдастырған практикаға бағытталған сабақты «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында өткізді.

Бір жарым сағатқа созылған сабақта БҚО кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау бөлімінің басшысы Сауле Жубаева студенттерге өз кәсібін ашуда кеңестер, пандемия уақытындағы кәсіпкерліктің жағдайы, «Бастау» бағдарламасы туралы сөз етті.

Студенттер көкейлерінде жүрген сауалдарына жауап алып, кәсіпкерлерді қолдау көрсету бұрышының жұмыс функциясымен танысып қайтты.

Мұхаммед-Әли Қуанышкерей

БМУ-31 тобының студенті

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • 8 (7112) 50 13 74
  • 8 (7112) 52 21 00
  • zapkazatu@wkau.kz
Подписаться на новости