Shell Kazakhstan компаниясы өкілдерімен кездесті

Жәңгір хан университетінде Shell Kazakhstan компаниясының өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесуге университет ректоры Асқар Наметов, Shell Kazakhstan компаниясының аға вице-президенті және төрағасы Герман Бурмейстер, сондай-ақ компания қызметкерлері мен университет басқармасының басшылығы қатысты. кездесу барысында тараптар Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың Shell Kazakhstan концернімен ынтымақтастық мәселелерін талқылап, пікір алмасты.

Бұл жоба жаңа әдістемелерге сәйкес БҚАТУ-да химиялық инженерия бойынша білім беру бағдарламасын жаңғыртуға бағытталған. Жоба халықаралық инженерлік компанияларға және еліміздегі ірі мұнай-газ жобаларына түлектерді жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін арттыруға, сондай-ақ болашақта жұмыс берушілердің түлектерді жұмысқа алуға қоятын талаптарына сәйкес келетін білім беру бағдарламасының сапасын жақсартуға көмектеседі деп күтілуде. Сонымен қатар талапкерлердің біздің университетімізге оқуға түсу көрсеткішін арттырады деген сенім бар.

Кездесу соңында Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті мен Shell Kazakhstan басшылары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандумның негізгі міндеті – еліміздің мұнай-газ саласында адами капиталды дамытуға жәрдемдесу үшін тараптар арасында тиімді ынтымақтастық орнату.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу