Сақтықты талап ететін сала

Бүгін Жәңгір хан университетінде діни сауаттылық негіздеріне бағытталған дәріс өткізілді.

Университетімізге келген БҚО Дін істері басқармасына қарасты дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы Бағдат Адайхан білім алушылармен кездесіп, олардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында діни заңнама, зайырлылық тақырыбында сөз қозғап, теріс ағымдардан сақтану шараларын түсіндірді. Дінтанушы діни сауаттылықтың төмендігі жастардың тура жолдан адасуына әкеп соғатынын айтып, кез келген ақпаратты аларда аса ұқыптылық таныту керектігін атап өтті.

Сонымен қатар дін саласының өкілі: – Әлеуметтік желілер арқылы таратылатын жалған ақпараттардан сақтану қажет. Оларды сақтау немесе тарату сынды қарапайым іс-әрекеттер заңға қайшы келеді, көп жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартуға дейін жеткізеді, – деп тарқатты.

Тағылымды кездесу соңында студенттер дін тақырыбында көкейлерінде жүрген  сауалдарына толыққанды жауап алды.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу