Референдум бойынша түсіндіру жұмыстары басталды

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы республикалық референдум бойынша түсіндіру-ақпараттық жұмыстарын жүргізетін топ құрылды.

Топтың төрағасы – университеттің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Ақылбек Ұзақбайұлы Сұлтанов. Топтың мүшелері – орталық директорлары және оқытушылар.

Бүгін аталмыш топтың төрағасы, проректор А.Сұлтанов білім ордасының ұжымымен дөңгелек үстел өткізді. Шараға Орал қалалық штабынан қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мынатаубиік Тауфихұлы Әнесов қатысты. Жиында республикалық референдумның өткізілу барысы, Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпараттар берілді. Сонымен қатар «Рухани жаңғыру» орталығының әдіскері Акбар Сералы мен аға оқытушы Есқайрат Хайдаров тақырып төңірегінде ой-пікірлерімен бөлісті.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу