Пәндік олимпиада өткізілді

 «Ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы» институтының «Ветеринариялық және биологиялық қауіпсіздік»жоғарғы мектебінде 24 қараша мен 1 желтоқсан аралығында 5В120200-Ветеринарлық санитария мамандығының 5-курс студенттері арасында пәндік олимпиада өтті. Олимпиада мақсаты – білім алушыларының арасында білім деңгейі жоғары студенттерді анықтау, сонымен қатар теориялық білімін практикамен ұштастыра білген білім алушыларды республикалық олимпиадаға жіберу

Олимпиада екі кезеңнен құралды. І кезең – тест сұрақтарына жауап болса, ІІ кезең – ситуациялық сұрақтардан тұрды. Студенттердің білімін жоғары мектептің оқытушыларынан құрылған комиссия бағалады.

Олимпиаданың І кезеңіне 19 студент қатысып, оның 10 студенті екінші кезеңге өтті. Комиссия мүшелерінің шешімімен 5В120200-Ветеринарлық санитария мамандығы бойынша өткізілген пәндік олимпиадасында I орынды ВС-51 топ студенті Агишева Эльвира, II орынды ВС-51 топ студенті Әтімбетова Аружан, III орынды ВС-51 топ студенті Тасқараева Гүлжазира иеленді.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу