Олимпиадада екінші орын иеленді

27-28 сәуір күндері Қазақ ұлттық аграрлық университетінде XV республикалық пәндік олимпиада өтті. Білім жарысында «Агротехнология» институтының студенттері де өз білімдерін сарапқа салды.

Олимпиадаға «Агрономия» білім беру бағдарламасы бойынша: Абзалұлы Жиенбек, Қоштанбекова Аружан, Аяпбергенова Айымгуль Нұрбекқызы; «Топырақтану және агрохимия» білім беру бағдарламасы бойынша: Әлеукенова Арайлым Хайрбекқызы, Турегалиева Аружан Аманқызы, Бисенова Лилия Ерланқызы; «Өсімдіктерді қорғау және карантин» білім беру бағдарламасы бойынша: Сембаева Алтынай Махмудқызы, Идрисова Аида Алмасқызы, Қайратқызы Ұлпан қатысты. Топ жетекшісі – Кушенбекова Әлия Қуандыққызы.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша Турегалиева Аружан Аманқызы мен Идрисова Аида Алмасқызы II орын алды.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу