Облыс әкімі ғалымдарды құттықтады

Бүгін Жәңгір хан университетінде ғылым айлығына орай ұйымдастырылған салтанатты шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев  қатысты.

Облыс басшысы өз сөзінде университет басшылығы мен профессор-оқытушылар құрамын ғылым қызметкерлері күнімен құттықтап, білім ордасының ғылыми әлеуеті жоғары екенін атап өтті.

Салтанатты шарада Жәңгір хан университетінің ғалымдары – ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Мәлік Шәлменов; PhD докторы, доцент Ербол Ербаев; аға оқытушы, РhD докторы Бекбол Сариев; PhD докторы, доцент Салтанат Есенғалиева, аға оқытушы, магистр Талап Шадьяров облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Өңір басшысы сапар барысында университ фойесіне қойылған ғылым көрмесін тамашалап, университеттің ғылыми жаңалықтарымен, жүзеге асырылып жатқан ғылыми жобалармен  танысты. Сонымен қатар «Жастар бастамасын дамыту» орталығында, «Сұңқар» спорт кешенінде, мәдениет және өнер студиясында болды.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу