Мерекелерімен құттықтады

Маусым айының үшінші жексенбісі – медицина қызметкерлерінің күні. Осыған орай университет басшылығы мен кәсіподақ ұйымы сала қызметкерлерін құттықтады.

Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Ақылбек Ұзақбайұлы Сұлтанов «Медикер-Ақсай» ЖШС ұжымы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі. Ал кәсіподақ ұйымының өкілдері оқу орнындағы «Сұңқар» спорт клубының жетекші маманы, медицина қызметкері Жұмабекова Жаңыл Тастайқызын мейрамымен құттықтап, Құрмет грамотасы мен гүл шоқтарын табыстады.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу