Маңызды кездесу өтті

7 желтоқсан күні «Мансап және бизнес-серіктестік» орталығы мен «Мұнай, газ және химиялық инженерия» жоғары мектебінің ұйымдастыруымен 6В07202 «Мұнай – газ ісі» білім беру бағдарламасының білім алушыларына «Petro-Unit» ЖШС мұнайгаз компаниясының  бұрғылау ерітінділері бойынша менеджері В. Огурцовпен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты бітіруші білім алушылардың аталған компанияда өндірістік практика және тағылымдама  өту үшін білім деңгейлерін тексеру болып табылды. Білім деңгейлерін анықтау тест тапсырмаларын орындау арқылы жүргізілді. Тестілеу қорытындысы бойынша көптеген білім алушылар жоғары нәтиже көрсетіп, алдағы уақытта аталған компанияда тағылымдама өтетін болады.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу