Мәнерлеп оқу сайысы өтті

Бүгін Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Жырлаймын тәуелсіз елімді» атты мәнерлеп өлең оқу сайысы ұйымдастырылды.

Жастардың бойындағы шығармашылық қабілетін ұштау, оларды отаншылдыққа тәрбиелеу мақсатында «Парасат» ақпараттық білім беру орталығы ұйымдастырған іс-шараға университеттің 1-курс студенттері қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Алдымен сөз алып, үміткерлерге сәттілік тілеген аталмыш орталық директоры Айгүл Есенаманова кешке қатысқан оқытушылар мен студенттерді Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.

Сайыс нәтижесі бойынша жеңімпаздар анықталып, барлық қатысушылар «Алғыс хаттармен» марапатталды.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу