Курсанттар ант қабылдады

18 маусым күні Жәңгір хан университетінде әскери кафедра курсанттары әскери ант қабылдады.  Оқу жылы ішінде курсанттар запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша оқыды, «Жалпыәскери бөлімшелерді, бөлімдер мен құрамаларды жауынгерлік қолдану», «Аумақтық қорғанысты жоспарлау және ұйымдастыру», «Зымыран әскерлері мен артиллериясы бөлімшелерін, бөлімдері мен құрамаларын жауынгерлік қолдану», «Инженерлік-саперлік (инженерлік) бөлімшелерді, бөлімдер мен құрамаларды жауынгерлік қолдану», «Автомобиль техникасын пайдалану және жөндеу», «Құрлық әскерлерінде байланысты ұйымдастыру» мамандықтары бойынша жылдық курс пен оқу-жаттығу жиынынан өтті. Жиын барысында олар көлік жүргізу, әскери дайындық курстарынан өтіп, мамандық бойынша практикалық дағдыларды игерді. Курсанттар саны – 169.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу