Конституция күніне арналған дөңгелек үстел

Жәңгір хан университетінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясындағы іс-шаралар өз жалғасын табуда. Соның бірі – ҚР Конституциясы күні қарсаңында ұйымдастырылған дөңгелек үстел.

«Ата Заң – Тәуелсіздіктің кепілі» тақырыбындағы дөңгелек үстелді жоғары оқу орнындағы «Рухани жаңғыру» орталығы ұйымдастырды. Басқосуды жүргізген университеттің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Ақылбек Сұлтанов әріптестерін айтулы мерекемен құттықтап, Ата Заңның арқасында еліміздің жеткен жетістіктері орасан зор екенін атап өтті.

Дөңгелек үстелде аға оқытушылар, тарих ғылымдарының магистрлері Жанаргүл Муталова мен Гаухар Балжанова, сондай-ақ Орал қалалық ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы директорының орынбасары Дәурен Шамұратов баяндама жасады.

Жиынға университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері қатысты. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар университетімізде жаңа оқу жылы барысында өз жалғасын табатын болады.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу