«ҚазСтандарттағы» практикаға бағытталған сабақ

15 қараша күні «Тағам және қайта өңдеу өндірістерінің технологиялары» жоғары мектебінің ССМ-31, ССМ-32 және ССМ 24 (3Ж) топтарында «Өзара алмастырушылық негіздері және техникалық өлшеу», «Өнімді сынау,бақылау және қауіпсіздігі», «Өнімдер мен процестердің сапасын басқарудың статистикалық әдістері» пәндері бойынша өндірістегі практикаға бағытталған сабақтар «Қазақстан стандарттау және метрология институты» РМК-да өтті.  

«ҚазСтандарт» директоры Молдағанапов У.Е. білім алушыларды ұйымның қызметімен, атап айтқанда: өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы стандарттау жөніндегі құжаттарды, оның ішінде өлшем құралдарын сынау және метрологиялық аттестаттау бағдарламаларын, сынақ жабдығын аттестаттау бағдарламаларын, өлшем белгісіздігін бағалау әдістемелерін әзірлеу және іске асыру; өндірілетін өлшеу құралдарын өндіру, сату, өлшеу құралдарын жөндеу;өлшеу құралдарын тексеру және калибрлеу тәсілдерімен таныстырды. Сондай-ақ ұйым басшысы өлшеу құралдарын бастапқы тексеру (калибрлеу) нәтижелерін тану мақсатында шетелдік метрологиялық ұйымдарды сараптау және тексеру, метрологиялық аттестаттау, есептік тіркеу және пайдаланушылар қатарына өлшеулерді орындау әдістемелерін енгізу туралы мәліметтер берді.

Практикаға бағытталған сабақтарды PhD доктор Кушалиев Д.К., аға оқытушы, PhD доктор Джапаров Р.Ш., оқытушы, магистр Сахипова Ш.Б. өткізді.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу