Қажырлы еңбек атқарған қос ұстаз зейнетке шықты

Бүгін Жәңгір хан университетінің  «Экономика және аудит» жоғары мектебінің қызметкерлерін зейнеткерлік демалысқа шығарып салуға арналған салтанатты шара өтті.

Оқу ордасында жарты ғасырға жуық қызмет атқарған экономика ғылымдарының кандидаттары, профессор ғалымдар Сағындық Бисенов пен Талантта Траисоваға тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Ақылбек Сұлтанов басқарма төрағасы-ректор Асқар Наметовтың құттықтау хатын табыстап, қазақтың дәстүрімен шапан және камзол кигізді. Университет ректоры өзінің құттықтау хатында зейнеткерлерге экономика саласына қосқан үлестері мен шәкірт тәрбиелеудегі ерен еңбектері үшін алғыс білдірген.

Университеттің «Экономика, ақпараттық технологиялар және кәсіби білім беру институтының» директоры Жанар Ержанова барша әріптестерінің атынан кеш иелеріне осы күнге дейін көрсеткен кәсіби шеберліктері үшін рақмет айтып, отбасыларына амандық, дендеріне саулық тіледі. Ардагер-ұстаздар Сағындық Хамзаұлы мен Талантта Нағиқызы оқу ордасында алғашқы қызмет атқарған шақтарын еске алып, естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар университет басшылығы мен әріптестеріне сый-құрметтері үшін ризашылықтарын жеткізіп, алдағы еңбектеріне табыс тіледі.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу