Кәсіби бағдар беру мәселелері талқылануда

Бүгін Жәңгір хан университетінде «Кәсіби бағдар берудің үздік тәжірибелері» тақырыбында воркшоп басталды.

Мектептер мен колледждердің кәсіби бағдар берушілеріне арналған іс-шараның алғашқы жиынына облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов және жұмыспен қамту, білім, кәсіпкерлер палатасы салаларының өкілдері қатысты. Жиынды жүргізген университеттің басқарма төрағасы-ректор Асқар Наметов бүгінгі заманда адами ресурстардан артық құндылық жоқ екенін, бұл бағыттағы жұмыстарды дамыту қажеттігін атап өтті.

Алдымен сөз алған облыс әкімінің орынбасары Б.Нарымбетов өз баяндамасында жастарды еңбексүйгіштікке, кәсіппен айналысуға тәрбиелеу турасындағы ұлы Абайдың қарасөздерін келтіріп, Мемлекет басшысы да еңбек адамына құрмет көрсету мәселесіне басымдық беретінін жеткізді.

Сондай-ақ басқосуға маңызды тақырыпты арқау еткен Жәңгір хан университетінің басқарма төрағасы мен ұжымына алғысын білдірді.

БҚАТУ-дың басқарма төрағасы-ректор Асқар Мырзахметұлы «Болашақтың жастары. Болашақтың университеті. Болашақтың кәсіптері» тақырыбында баяндама жасап, адами құндылықтар, адамның өмірге көзқарасы, жастар тәрбиесі туралы ұлт зиялылары мен әлемнің атақты тұлғаларының өз заманында айтқан даналықтары әлі күнге тәрбиелік мәнін жоғалтпағанын айтты. 

Кәсіби бағдар беру тақырыбына арналған жиын митап-сессиямен жалғасып, аталған тақырып төңірегінде баяндамалар оқылды. «Мамандығым – болашағым» жобасының жетекшісі Самғат Ермекбаев Астанадан онлайн форматта қосылса, БҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Зәуре Ғұмарова, облысымыздағы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Айгүл Абулкаирова, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысы Алпамыс Көшкінбаев өз салалары бойынша ақпараттардан хабардар етті. 

Екі күнге жалғасатын іс-шара барысында секциялық отырыстар ұйымдастырылады және меймандар университетті аралап, білім ордасының кәсіби мамандар даярлаудағы әлеуетімен танысатын болады.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу