IT аруы

Халықаралық әйелдер күніне орай «Ақпараттық технологиялар» жоғары мектебінде бойжеткендер байқауы өтті.

«Қыз өссе – елдің көркі» деген дана халқымыз қыз баланы ерекше құрметтеп, әрқашан төрден орын берген.

Аруларымыз қашан да сұлулығымен, даналығымен ғана емес, ерлігімен, қайсарлығымен де дараланған.

8 наурыз мерекесіне орай өткізілген сайыста аруларымыздың сұлулығы мен даналылығы дәріптеліп, олардың бойына шыншылдық, имандылық, отансүйгіштік, мейірімділік сияқты асыл қасиеттерді дарыту мақсаты көзделді.

Сайысқа әрбір курстан бір білім алушы қыз бала қатысып, өз топтарының намысын қорғады. Үміткерлер өздерін өлең жолдары арқылы таныстырып, ән айтып, би билеп, дәмді тамақтар дайындап, өз өнерлерін көрсетті. Дәстүрге сай зияткерлік сұрақтарға жауап беріп, әлеуметтік желіні жүргізу технологияларын заманға сай қолдана алатындықтарын шебер көрсетті. Мерекеге сай әндер орындалып, шара қызықты өтті.

Шара соңында жоғары мектеп жетекшісі, PhD  докторы, доцент міндетін атқарушы Бапиев Идеят Мэлсұлы аруларды құттықтап, «Smart ару», «Инста ару», «IT аруы» номинациялармен марапаттады.

Бұл шара болашақта да жалғасып, «IT аруы» байқауы жоғары мектептің негізгі дәстүріне айналады деген сенімдемін.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу