«ИнтергазОрталықАзия» АҚ Орал мекемесіне экскурсия

Практикаға бағытталған сабақтар өткізу және кәсіби дағдыларды қалыптастыру мақсатында 15-16 қарашада «Мұнай, газ және химиялық инженерия» жоғары мектебінің оқытушылары Сарсенова А.А., Джусупкалиева Р.И., Купешова А.С. және Абдыгалиева А.К. 5В070800-«Мұнай-газ ісі» мамандығының 2-4 курс білім алушыларымен бірге «Интергаз Орталық Азия» АҚ Орал желілік өндірістік басқармасына экскурсия өткізді.

 Экскурсия басталмас бұрын білім алушыларға ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бөлімінің басшысы Қайсар Қанатқалиев алғашқы қауіпсіздік нұсқаулығын өткізді. Экскурсия барысында білім алушылар  «Мұнай және газ ұңғымаларын жинау және дайындау», «Мұнай мен газды тасымалдау және сақтау», «Мұнай өндірудің техникасы мен технологиясы», «Мұнай және газ ұңғымаларын жинау және дайындау»  пәндері бойынша дәрістер тыңдады, сонымен қатар газ тарату станциясының, резервуардың жұмыс істеу принципі және конструкциясымен, оператордың жұмыс орнымен танысу кезінде магистральдық компрессорларды басқарудың заманауи автоматтандырылған жүйелерімен танысты.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу