ХАС университетінің өкілдері БҚАТУ-ға келді

Бүгін Нидерланд еліндегі Хас университетінің (HAS University) өкілдері Жәңгір хан университетіне іссапармен келді. Кездесу барысында өкілдер өз университеттерін таныстырып, білім беру бағдарламалары туралы айтып берді.

Профессорлар ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық танытты, сондай-ақ академиялық ұтқырлық бойынша өзара студенттер алмасуға дайын екендіктерін білдірді.

БҚАТУ атынан Питер Ван Гастель мен Эстер Ваннекенске алғыс білдіріп, жоғары оқу орындары арасында ынтымақтастық орнатуға шақырамыз!

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу