Erasmus + ACeSYRI жобасы аясында жас зерттеушілермен кездесулер сериясы

Ағымдағы жылдың 22 және 30 қарашасында Erasmus+ бағдарламасының «Компьютерлік ғылымдар саласындағы докторанттар мен жас зерттеушілерге арналған озық орталық» (ACeSYRI) жобасының команда мүшелері – жоба әкімшісі, экономика ғылымдарының кандидаты З.Х.Султанова және оқытушы-зерттеуші, физика-математика ғылымдарының кандидаты Г.А.Камалова университеттің жас зерттеушілерімен кездесулер өткізді. Кездесу барысында осы жобаның мақсаттары, міндеттері мен іске асырылу барысы, оған жас зерттеушілердің тартылуы туралы ақпарат ұсынылды. Сондай-ақ, жас зерттеушілер халықаралық тьюторларды тарту арқылы аспиранттар мен жас зерттеушілерді оқыту процесін интернационализацияландыруға қолдау көрсетуге мүмкіндік беретін ACeSYRI порталының мүмкіндіктерімен танысты. Аттас порталды құруға бағытталған ACeSYRI жобасы үш мақсатты топты байланыстыруға арналған: шетелдік университеттердің өкілдерін, ғылыми жетекшілерді және жас зерттеушілерді. Кездесу барысында жас зерттеушілерге осы порталдың ресурстарын пайдалана отырып, Еуропалық ғылыми кеңесшілер мен бірлескен басшыларды іздеу мүмкіндіктері таныстырылды.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу