Екпе алғандар арасында ұтыс ойыны ойнатылды

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде «Менің қауіпсіздігім – қоғамның қауіпсіздігі» атты акция өткізілді. Аталмыш іс-шараның басты мақсаты – студенттерді, университет ұжымын салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, денсаулықтың маңыздылығын ұғындыру. Оған қоса коронавирус індетіне қарсы вакцина алудың мәнін түсіндіріп, қарқынын жеделдету. Университет ауласында ұйымдастырылған шарада университеттің басқарма төрағасы-ректор Асқар Наметов алғы сөз сөйлеп, оқу жылының басталуымен құттықтады. Асқар Мырзахметұлы пандемия кезінде ауызбіршілік танытқан ұжымның ұйымшылдығын атап өтіп, енді осы індетті ауыздықтаудың бірден-бір жолы – вакцина салдырту екенін де жасырмады.

Акция аясында алғаш вакцина алған 150 студенттің оқу төлемдеріне 5 пайыз жеңілдік тағайындалды. Оған қоса вакцина алған профессор-оқытушылар, қызметкерлер құрамынан – 504, білім алушылардан – 705 адам арасында ұтыс ойындары оздырылып, түрлі бағалы бұйымдар мен жолдамалар ойнатылды. 1-курс студенттері арасында университет асханасынан бір ай тегін тамақтануға және жаттығу залына жолдама ұтқандар да бар. Жалпы 18 демеушіден – 140 сыйлық ұсынылып, екпе алған оқытушылар мен студенттерді ынталандыру іс-шараларына университет түлектері мен демеушілер қолдау көрсетті.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу