Екінші семестрде студенттер қандай форматта оқиды?

Ағымдағы жылдың 24 қаңтарында жоғары оқу орындарында көктемгі семестр басталады. Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты студенттер мен ата-аналардың университетте оқыту қалай жүргізілетініне алаңдап отырғаны белгілі.

Университетіміздің академиялық мәселелер жөніндегі басқармасының берген мәліметіне сүйенсек, көктемгі семестрдің оқуы екі кезеңмен басталатын болады. Келесі дүйсенбі, яғни 24 қаңтар күні сабақ офлайн форматта негізінен «Экономикалық мамандықта»  оқитын 4-курс білім алушыларына басталады. Одан кейінгі апта – 31 қаңтарда қалған курстың білім алушыларына сабақ басталады.

Сонымен қатар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға байланысты студенттер оқу ғимараттарына «Ashyq» қосымшасы арқылы кіре алады. Оған қоса дене қызулары өлшенеді. Ал тыныс алу жолдарының инфекциясы белгілері болған жағдайда оқу ғимараттарына кіруге рұқсат етілмейді. Сондай-ақ маска режимі және басқа да санитарлық талаптар сақталады.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу