Дипломнан кейінгі білім беру бағдарламасы

Жәңгір хан университетінің үздіксіз білім беру тұжырымдамасын жүзеге асыру шеңберінде  «Дипломнан кейінгі білім  беру бағдарламасы» тыңдаушыларына  «Жетекшінің тұлғалық тиімділігі. Стратегиялық және жедел басқару» тақырыбында курс өткізілді.  Бағдарлама жетекшісі – э.ғ.к., қауымдастырылған профессор, Қосымша білім беру, біліктілікті арттыру бөлімінің басшысы Л.С.Таршилова.

Тренинг және  іскерлік ойындар форматында өткен сабақтарда тыңдаушылар тиімді іскерлік қарым-қатынас, мотивациялық тәсіл мен коучинг, көшбасшы брендін қалыптастыру дағдыларын меңгерді, шағын топтардағы динамикалық процестерді қарастырды, стратегиялық көзқарас пен өзгерістерді басқару құзыреттіліктерін қалыптастырды.

Бағдарлама соңында қатысушылар жеке тиімділікті дамытуға арналған жобалар дайындады.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу