Болашақ мұнайшыларға бағдар берді

Бүгін Жәңгір хан университетінің Индустриалды-технологиялық институтында – қоғамдық-халықаралық SPE мұнайшылар қауымдастығының таныстырылымы өтті. Ұйымның университеттегі секциясының кураторы Бақытжан Бурханов «Геология және пайдалы қазбалардың кен орындарын барлау» мамандығының 1-курс студенттерін аталмыш ұйым жұмысымен таныстырып, мұнай және газ салаласына қатысты кәсіби ақпараттармен бөлісті.

Институт түлегі, SPE секциясының белсенді мүшесі Ғалымжан Жамбыл ұйымның миссиясы мен құрылымын толық түсіндіріп, болашақ мұнайшыларды өз қатарына қосылуға шақырды. Мұнай саласының жаңалықтарынан хабардар болуда да ұйымның маңызы зор екенін жасырмады.

Жиын соңында секция кураторы мен президенті студенттер тарапынан туындаған сауалдарға жауап берді.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу