БҚАТУ үздік Азия университеттерінің қатарында

QS Asia – Quacquarelli Symonds компаниясы ұйымдастырған Азия елдері үшін ең ірі өңірлік рейтинг болып табылады.

QS Asia 2023 құрамына Азияның көптеген жоғары оқу орындарынан (Қытай, Үндістан, Жапония, Тайвань, Сингапур, Малайзия, Индонезия, Оңтүстік Корея, Орталық Азия) ең үздік 760 университет кірді.

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ QS Asia рейтингіне алғаш рет қатысып, 451-500 орынды иеленді. Сондай-ақ «QS Asia University Rankings 2023: Орталық Азия» рейтингінде 23 орында.

Рейтинг жасау үшін пайдаланылған негізгі көрсеткіштерге академиялық және жұмыс берушілердің беделі, оқытушылар мен студенттер санының арақатынасы, бір оқытушыға шаққандағы жарияланымдар саны кіреді. Сондай-ақ, рейтинг құрастырушылар ЖОО-ның дәйексөздер санын, шетелдік оқытушылар мен шетелдік студенттердің үлесін, ғылыми дәрежесі бар оқытушылардың үлесін, халықаралық ғылыми байланыстарды назарға алады.

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ QS Asia 2023 рейтингінде академиялық беделдің, жұмыс берушілер арасындағы беделдің, академиялық алмасудың және оқытушылар мен студенттердің арақатынасының жоғары көрсеткіштерін көрсетті.

Университет ұжымын, студенттерді, жұмыс берушілерді және серіктестерді осы жетістікпен құттықтаймыз.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу