БҚАТУ профессоры – үздік ғалымдар қатарында

«Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлектері Стэнфорд университетінің нұсқасы бойынша 2021 жылғы әлемдегі үздік ғалымдардың тізіміне енді. Олардың қатарында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің профессоры, техника ғылымдарының докторы Сәрсенбек Әлиакбарұлы Монтаев бар.

Elsevier ғылыми баспасында жарияланған 2022 жылғы 3 қарашадағы соңғы мәліметтер бойынша, «Әлемдегі ең беделді ғалымдардың 2 %-ы» рейтингісіне «Болашақ» бағдарламасының үш түлегі енген.

Стэнфорд университетінің зерттеушілері библиометриялық зерттеу негізінде жыл сайын әлемдегі ең үздік ғалымдардың рейтингін жасақтайды. Номинанттар Scopus дерекқорындағы жарияланым белсенділігі мен авторлардың дәйексөздерінің жоғары көрсеткіштері бойынша таңдалады.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу