БҚАТУ-дың қос ғалымы шетелдік білім ордаларында тәжірибе толықтырады

Жәңгір хан университетінің қос ғалымы Айнұр Харжау мен Ербол Ербаев «Болашақ» халықаралық стипендиясының «Тағылымдама» бағдарламасы бойынша грант ұтып алды.

Университетіміздегі Сынау орталығының ғылыми қызметкері, ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі Айнұр Харжауқызы енді осы гранттық қолдаудың көмегімен «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығы бойынша Ресейдегі К.А.Тимирязев атындағы Мәскеу ауылшаруашылық академиясында 6 ай көлемінде ғылыми тағылымдамадан өтеді.

Ал Индустриалды-технологиялық институты доцентінің міндетін атқарушы, PhD доктор Ербол Төлегенұлы Беларусь еліндегі мемлекеттік аграрлық-техникалық университетінде «Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету» мамандығы бойынша 6 ай тағылымдамадан өтіп, тәжірибесін толықтырады.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу