Әскери ант қабылдады

3 маусым күні Жәңгір хан университетіндегі «Әскери кафедрада» ант қабылдау рәсімі өтті.

Бұл күні «запастағы сержант» шені бойынша бір жыл білім алған студенттер әскери ант қабылдады.

Салтанатты шараға университеттің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Ақылбек Ұзақбайұлы, Ауған соғысының ардагерлері және ата-аналар қатысты.

Алты мамандық бойынша запастағы офицерлер мен запастағы сержанттарды даярлайтын кафедраның 147 курсанты әскери ант қабылдап, елге адал қызмет етуге серт берді.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу