Әріптестеріміз – «Болашақ» стипендиясының иегерлері

Жәңгір хан университетінің оқытушылары Сабина Хайруллина, Айнұр Давлетова, Арайгүл Жұмаева шетелде кадрлар даярлау бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері атанды.

«Политехникалық институт» директорының орынбасары, техника ғылымдарының кандидаты Сабина Ғұмарқызы Беларусь еліндегі мемлекеттік аграрлық-техникалық университетінде «Ауылшаруашылығы техникасын дамыту мен ауылшаруашылығын цифрландырудың өзекті мәселелері» бағыты бойынша алты ай ғылыми тағылымдамадан өтетін болады.

«Агротехнология институтының» доцент м.а., PhD докторы Арайгүл Қажмұқанбетқызы да аталған шетелдік университетте «Тағам қауіпсіздігі» мамандығы бойынша бір жыл тәжірибесін толықтырады.

Ал «Ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы» институтының аға оқытушысы, магистр Айнұр Мәлікқызы Ресейдегі К.А.Тимирязев атындағы Мәскеу ауылшаруашылық академиясында мал шаруашылығы, соның ішінде құс шаруашылығы бағытында алты ай ғылыми тағылымдамадан өтіп, білімін жетілдірмек.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу