Алпыс жылдыққа арналды

Жәңгір хан университетінің 60 жылдығына орай 10-11 наурыз күндері батыс аймақтық ЖОО мен АОО студенттері құрама командалары арасында волейбол турнирі өтті.

«Жәңгір хан» спорт клубы ұйымдастырған жарысқа жалпы саны 8 командада 100-ден астам ойыншы қатысты. Атап айтқанда, «Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжі», «Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі», «Облыстық мамандандырылған олимпиада резервінің балалар мен жасөспірімдер мектебі» (екі команда), «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті», «Гуманитарлық-техникалық колледж», «ҚазИИТУ колледжі» және «Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» командалары арасында тартысқа толы ойын өтті.

Екі күнге жалғасқан турнир нәтижесінде жүлделі І орынды БҚАТУ командасы жеңіп алды. Сонымен қатар команда ойыншысы Иван Визгалин – «Үздік ойыншы» атанды. Өзге де жүлдегерлер мен жеңімпаздар дипломдармен және кубоктармен, естелік сыйлықтармен марапатталды.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу